Қазақстан Ресейге қос мақсаттағы тауарларды экспорттай ма?

Билік Ресей Федерациясына санкция қойылған және қос мақсатта пайдаланылатын тауарлардың экспортын бақылауда ұстап отырғанын айтады. Factcheck.kz бұны рас-өтірігін анықтап көрмек.

«Бәрі бақылауда»

2022 жылдың мауымында АҚШ-тың сауда министрлігінің қаржылық қылмыспен күрес агенттігі Қазақстанды «Ресей немесе Белоруське жеткенге дейін шектеулі және бақылаудағы экспорт тауарлары» өтетін елдер қатарына қосқан.

Бірнеше күн өткен соң ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті Ресейге кететін тауарларды қатаң бақылауда ұстап, санкция қойылған тауарларды өткізбейтінін мәлімдеген. Шенеуніктердің айтуынша, 2022 жылдың алғашқы жартысында Қазақстаннан параллельдік импорт бойынша бірде-бір тауар экспортталмаған.

Сол кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қос мақсаттағы* тауарларды экспорттау ережесін жариялаған. Бұл ережеге сәйкес, мұндай тауарларды елден шығару үшін компаниялар арнайы лицензия алуы тиіс.

*жалпы азаматтық өнеркәсіптік мақсатта қолданылатын тауарлар, бірақ құрамындағы заттарға байланысты қару жасауда да қолданылуы мүмкін.

Кейінірек, тамыздың соңында, Қазақстанда әскери өнімдерді экспорттауға тиым салынды. Алдымен бұл тиым бір жылға қойылған. Дегенмен 2023 жылдың 22 тамызында тағы бір жылға созды деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігі Factcheck.kz-ке.

Қазақстандағы параллельді импортты шектеудегі тағы бір әдіс – тауарлардың қозғалысын онлайн-бақылау жүйесі – тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу және навигациялық пломбаларды орнату. Мемлекеттік кіріс комитетінің әкімшілік департаментінің директоры Қадыр Исмағұловтың айтуынша, бұл жүйе 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыс істей бастаған.

Дегенмен «Республика» басылымы шілде айында «Сырым» Бақылау пунктінде жүк көліктерін тексеретін сканерлер жоқ екенін жазған. Автокөліктерді таңдап тексерген, ал ұзаққа жүретін жүк көліктерінің жүргізушілері коррупция мен кезексіз өтетін арнайы көліктердің тізімі бар екеніне шағымданған.

Санкциялық тауарлардың экспорты тоқтамады

Ресей Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып қалды. 2023 жылы Ресейге экспорт жалпы сыртқы сауданың 13%-ін және ЕАЭО-да елдерімен тауарайналым бойынша 92%-ке жетті.

2023 жылғы қаңтар мен шілде аралығында Ресейге экспортталған тауарлар 2022 жылдағы осы уақытпен салыстырғанда үш есеге өскен.

2022 жылы осы уақытта Қазақстанға соңғы 10 жылдағы рекордты 50,9 млрд доллар (24,4 триллион теңге) көлемінде импорт тауарлар кірген. Бұлардың ішінде ең көп тауар жеткізгендер – ЕО (34,3%), Қытай (35%) және Үндістан (48,9%).

Жоғарыдағы графикте 2023 жылы қаңтар мен қазан аралығындағы мәліметтер

Қазақстан арқылы Ресейге санкцияланған тауарлар да кіреді: тоңазытқыштар, автокөліктер, тракторлар, компьютерлер, смартфондар және басқа техникалар. Бұл заттар АҚШ, Канада, ЕО, Ұлыбритания, Швейцария, Жапония және Аустралия тарапынан тиым салынған.

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, 2022 жылы (қаңтардан шілдеге дейін) 2021 жылғы сол уақыт аралығындағы мәліметпен салыстырсақ, техниканың ішінде ноутбуктардың экспорты – 57448,4%-ке өскен, содан кейін телефондар — 7560,22% және тоңазытқыштар, мұздатқыштар мен жылу сорғылары — 1023%. Бірақ  2023 жылы өсім тек соңғы тауарларда ғана өскен – 27,1%, қалғаны үш және одан да көп есеге түсіп кеткен.

2023 жылдың қаңтары мен шілде аралығында 2022 жылдың сол аралығымен салыстырғанда экспорттағы пештер — 319,7%, автокөліктер мен саймандар — 294,4%, сондай-ақ кір жуатын машиналар — 246,8%-ке өскен.

Қазақстан арқылы Ресейге Украинадағы соғыста пайдалануы мүмкін тауарлар өтіп жатыр

Соғыс басталғалы және Ресейге санкция қолданғалы бері көршілес елге Украинадағы соғыста қолданылуы мүмкін микрочиптер, дрондар мен басқа да тауарлардың экспорты тоқтамаған. Олардың бір бөлігі Қазақстан аумағынан да кіріп жатыр.

2022 жылы Қазақстаннан Ресейге пилотсыз ұшатын аппараттардың экспорты көбейгені сонша, Ұлттық статистика бюросы оларды бөлек тауар ретінде көрсете бастаған. 2022 жылдың бірінші жартысында бұл тауар Қазақстаннан 99,2 мың долларға экспортталған. 2023 жылы көрсеткіш 2581,75%-ке2,7 миллион долларға өскен.

2023 жылдың шілдесіне дейін 2022 жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда микрочиптердің де көрсеткіші 325%-ке өскен. Чиптер қос мақсаттағы тауарларға жатады – оларды азаматтық қолданысқа ғана емес, әскери өндірісте де қолдануға болады. Мысалы Украинадағы соғыста ресейлік армия тактикалық радиостанцияларды және ұзақ қашықтықтағы оқтарда импортталған микрочиптерді қолданған.

Солай болса да президент Қасым-Жомарт Тоқаев қос мақсаттағы тауарлардың экспортын мойындамайды. 2023 жылғы маусымда ол Қазақстан «халықаралық нарықта қабылданған барлық ережемен жүретінін» айтқан.

Біз, ең алдымен, ДСҰ ережелері мен нормаларын басшылыққа аламыз. Сондай-ақ халықаралық нарықта қабылданған барлық ережені сақтаймыз. Ал қос мақсатта қолданылатын тауарлардың Ресейге экспорты туралы айтсақ, бұл мүлдем шындыққа жанаспайдын.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Дегенмен статистика басқаша сөйлейді.

РФ-қа тауар жеткізумен Қазақстанда заңды тұлға құжатын алған ресейліктер де айналысып жатыр

Параллельді импортпен көбіне жуырда ресейліктер тіркеген қазақстандық компаниялар айналысады. Бұл туралы қаржыгер Расул Рысмамбетов айтады.

Параллельді импортпен көбіне ресейліктер ашқан компаниялар айналысады. Оларды екіге бөлуге болады. Біріншісі – «жеке кәсіпкерлер», олар тауарларды өздері кіргізуге тырысады. Екіншісі – ресейлік тараптан «рұқсат алғандар», олар көбіне біреудің рұқсатымен тауар тасыйды. Мен, тіпті, ресейліктердің Қазақстаннан Ресейге тауар жеткізу үшін бақталасқанын да бірнеше рет көргенмін.

Расул Рысмамбетов

Мысалы, «ЭлтексАлатаудың» Ресейге Analog Devices деген америкалық өндірушінің тансиверлерін тасымалдайтынын «Азаттық Радиосы» украиналық барлау мәліметтері мен кеден ақпаратынан анықтаған. Analog Devices құрылғылары Т-72Б3М танкстерінің нысанасына пайдаланылады.

Kompra.kz сервисінің мәліметінше, 2022 жылы «ЭлтексАлатауды» өткен жылмен салыстырғанда салық төлемі 24%-ке өскен. Компания — телекоммуникациялық құрылғыларды өндіретін ресейлік «Элтекстің» ресми серіктесі. 2021 жылы компанияның мәскеулік бөлімі «Элтекс-МСК-ның» сайтында РФ қорғаныс министрлігі, ФҚҚ және ФКҚ-мен ынтымақтастығы туралы ақпарат шыққан. Дегенмен Factcheck.kz-тің қайта тексеруіне сай, қазір бұл ақпарат жоқ.

«Азаттық Радиосының» зерттеуінде 2022 жылдың 14 наурызында тіркелген Elem Group компаниясы да айтылады. Басылымның мәліметі бойынша, компания ресейлік «Стрелой Е-Коммерц» фирмасымен қатысы бар. Фирма Elem Group-тан 2023 жылдың қаңтарынан бастап кем дегенде 300 электроника партиясын алған – олардың ішінде қос мақсаттағы тауарлар да бар.

Украина «Стрелой Е-Комерцке» санкция салуға шақырған. Дегенмен компанияға әлі де шектеу қойылмаған. Elem Group Мақсат Артықов деген заң кеңесшіне тиесілі. Оның сөзінше, компания Ресей билігіне санкцияны айналып өтуге көмектесіп келеді.

Қос мақсаттағы тауар жеткізумен 2022 жылдың маусымында Алматыда тіркелген Astaris компаниясы да айналысады деп жазады «Азаттық Радиосы». Оның негізін қалаушы – «Витовт-Рус» деп аталатын ресейлік логистикалық компанияның негізін қалаушылардың бірі Александр Скоробогатый.

Ресейге дрон жеткізетін «Аспан арба» компаниясы 2022 жылғы сәуірде тіркелген. Бұл туралы «Власть» басылымы «Важные историй» және OCCRP-мен бірлесіп анықтаған. Оның құрылтайшысы – ресейлік «Небесная механика» компаниясының иесі Илья Гольберг. Және дәл осы компания «Аспан арбадан» дрондар сатып алады. Яғни, Гольберг өзіне өзі дрон сатумен айналысады.

Бұл компаниялар биліктің қос мақсаттағы тауарлар қатаң бақылауда деп айтқанына қарамастан, Қазақстанда жұмысын жалғастырып келеді. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2023 жылдың бірінші жартысында Қазақстаннан Ресейге қос мақсаттағы тауарларды өткізбек болған 276 өткізушінің жолын қиған. Оларда рұқсат құжаты болмаған.

Дегенмен 2022 жылғы ақпан айынан кейін тіркелген, дрондар мен қару-жараққа арналған техникаларды өткізумен айналысатын заңды тұлғалар әлі де болса ведомства бақылауына түспеген сияқты.

2022 жылы ресейліктер Қазақстанда қанша заңды тұлға ашқан?

Ураинадағы соғыс басталғалы бері Қазақстанда ресейліктер ашқан компаниялар саны күрт өсті. 2022 жылы оның алдынғы жылмен салыстырғанда мұндай ЖШС саны 1013%-ке өсіп, 7680 мекеме болды. 2023 жылы бұл тенденция жалғасын тапты, алғашқы жеті айда ресейліктер 3570 компания тіркеген.

Бұл уақыт аралығында ресейлік компаниялардың Қазақстандағы филиалдар саны да өскен. 2022 жылдың басында олардың саны 11,5 мың болса, бір жылдан кейін 18,9 мың болған. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, ҚР бірінші қыркүйекте Ресей Федерациясы компанияларының 22 274 филиалы болса, тоғыз айда 17,8%-ке өсті.

Коммерциялық емес Integrity Astana ұйымының басышысы әрі экономисі Жанат Нұрғалиевтің айтуынша, жергілікті нарық бұл жағдайда жапа шекпеген. Оның сөзіне сүйенсек, ресейлік компаниялардың көбеюі қазақстандық нарықта қосымша бәсеке тудырып, тек қызмет көрсету нарығына әсер еткен.

Нұрғаливепен Расул Рысмамбетов та келіседі. Оның айтуынша, Украинадағы соғыс басталғаны Қазақстанға IT-бизнес, online дүкендер мен дистрибьюторлық желілер кіре бастаған. Деген бұл ҚР-дағы нарыққа айтарлықтай әсер ете қойған жоқ. «Қазір реейлік компаниялар жергілікті компанияларды сатып ала бастады. Бүгін олар айтарлықтай әсер ете алмайды, бірақ қазақстандық компаниялар қазірдің өзінде бұған келіспейді. Біздің нарыққа кіруге тырысып жатқан жаңа ойыншының пайда болғаны ешкімге ұнамайды», — деп аяқтады Рысмамбетов.

Материалды «Бумага» журналисі Вита Чикнаева дайындады

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz