Informburo.kz журналисі онлайн сот отырысында Zoom-нан шығарылды

Informburo.kz журналисі Серікжан Маулетбай Берік Шаріптің үстінен қозғалған онлайн сот отырысында Zoom конференциясынан шығарылды. 10:20-да басталған сот отырысынан Серікжан Маулетбайды 10 минуттан соң шығарған. Алайда сот отырысы басқа да БАҚ өкілдерінің қатысуымен жалғасқан.

Судья хатшысы журналистке қалалық соттың баспасөз қызметіне хабарласып мән жайды білуге кеңес берді, алайда ол ашық сот отырысынан журналистің шеттетілу себебін түсіндірмеген.

Журналисті конференцияға қайта қосу әріптестерінің өтінішінен кейін қарастырылды.

«Сот отырысына араласқаным үшін кешірім сұраймын, Informburo.kz-тен менің әріптесім Серікжан қазір тыңдалымнан негізсіз шығарылды», – деді журналист Динара Бекболаева.

Қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова журналистің «техникалық себептермен» шығарылғанын және оны онлайн-кездесуге қайта қосу мүмкін емес екенін түсіндірді. Журналисті қайта қосу үшін Zoom-дағы конференцияны қайта бастау керек болған. Бірақ Есіл ауданының судьясы, астананың аудандық соты Қанат Дүйсембиев одан бас тартты.

Жоғарғы Сот қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Facebook парақшасында бұл мәселеге қатысты «техникалық ақау» болғанын айтты. Кейін журналисті сот үкімі айтылғаннан кейін бірақ қосқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz