Короновирустың жаңа түрі әлеуметтік желіде тексерілмеген ақпараттың тарауына түрткі болып жатыр. Әсіресе, Қытаймен байланыстыра отырып, желіде хабарламалар жарияланып жатқан жайы бар. Factcheck.kz әдеттегідей осындай ақпараттың бірін тексеріп көрді. Желідегі жазбаның қазақша аудармасы:
Қытайда канализациядан 100-ден астам құран табылды. Міне, сондықтан осындай қайғылы жағдайдың жалғасуына себеп болып отыр. Алла оларды бұл әрекеті үшін кешірмейді.
Егер сіз бұл ақпаратты әлем бойынша тарата алмасаңыз, бұл біз үшін қарғыс саналады. Егер сіз мұсылман болсаңыз, бұл хабарламаны бөлісуіңізді сұраймын.
Үкім: Фейк
Суреттің Қытайға еш қатысы жоқ, 2013 жылы Сауд Арабиясында түсірілген. Таиф қаласының Әл Салам ауданында мектеп оқушысы канализация тесігінен судың атқылап жатқанын байқап, әкесіне қоңырау шалған. Оқиға орнына келген полиция канализациядан 50-ден астам құранды су күйінде алып шыққан.
MBC арнасының тілшілері оқиға орнынан репортаж (араб тілінде) да жасаған.
Осы және өзге де ақпаратты біздің телеграмдағы каналымыздан оқыңыздар. Жалған ақпаратты бірге тексерейік.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.