Facebook Instagram-ның «жеңілдетілген» нұсқасын 170 мемлекетке іске қосады

Facebook әкімшілігі Instagram-ның «жеңілдетілген» нұсқасын 170 мемлекетке іске қоспақ. Жаңа сервис интернет жылдамдығы төмен аймақтарда жүзеге асырылады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Instagram Lite қосымшасы Android пайдаланушыларына қол жетімді болады. Бұл қосымша 2 мегабайт интернет жылдамдығын қажет етеді, ал қосымшаны жүктеу үшін 30 мегабайт қажет.

Тель-Авивтегі Facebook өнімдерін басқару жөніндегі директор Цах Хадардың айтуынша, Instagram Lite интернет инфрақұрылымы ескерген Үндістан, Африка, Азия және Латын Американың тұрғындарына әлеуметтік желіге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, негізгі функциялардың сақталғанын да айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz