23.12 | Телеграмдағы монетизация, Қазақстанда саяси тұтқындардың көбеюі, 5G желісі жайлы болжам

Павел Дуров 2021 жылы телеграмда монетизация болатынын хабарлады

Телеграм мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров пост жазып, 2021 жылдан бастап монетизация жасауға болатынын айтты.

23.12 | Телеграмдағы монетизация, Қазақстанда саяси тұтқындардың көбеюі, 5G желісі жайлы болжам
Павел Дуров.

Оның хабарлауынша, мессенджердің жалпы аудиториясы жарты миллиардқа жақындаған.

«Пайдаланушылар неғұрлым көп болса, сервер мен трафикке шығындар соғұрлым көп болады. Біздің жобаларға жылына жүздеген миллион доллар жұмсалады”

Павел Дуров

Бұдан бөлек, Дуров компанияның шоттарын жеке жинақтарынан төлегенін, бірақ шығындар өсіп келе жатқанын айтты. Ол компанияны сатпайтынын айтып, жоба әкімшілігі басқа жолды таңдаған. Яғни, телеграм монетизацияны бастап, ал “пайдаланушылар елеулі өзгерістерді байқамайды”.

“Телеграмның қазіргі қызметінің барлығы да тегін бола береді. Біз одан басқа бизнес-топтарға қосымша мүмкіндіктерді ұсынамыз. Кейбір жаңа функциялар ресурстарды қажет етіп, нәтижесінде ақылы болады. Тұрақты пайдаланушыларға телеграмды тегін пайдаланады”.

Павел Дуров

2025 жылы әлем халқының 53 пайызы 5G желісін қолдануы мүмкін

Bankr мамандарының болжауынша, 2025 жылы әлем халқының 53 пайызы 5G байланысын қолданады. Яғни, қолданушылар саны 253,84 пайызға өсіп, 4,1 млрд адамды қамтиды.

Қазіргі уақытта 5G желісін шамамен 1,17 млрд адам қолданады. Бұл әлем халқының шамамен 15% құрайды. Болжам бойынша, келесі жылдың өзінде 5G 1,95 миллиард адамға қол жетімді болуы мүмкін. Бұл шамамен 25 пайызды құрайды.

Сарапшылардың пікірінше, интернет-трафиктің өсуіне байланысты 5G желісін қолданушылар көбейеді.

Қазақстанда саяси тұтқындар көбейді

23 желтоқсанда қазақстандық құқық қорғаушылар елде саяси себеппен қуғындалған белсенділер қатары көбейгенін хабарлап, “саяси тұтқындардың” жаңа толықтырылған тізімін жариялады. Тізімде бес белсендінің аты-жөні бар. Бұл туралы Азатттық радиосы жазды.

23.12 | Телеграмдағы монетизация, Қазақстанда саяси тұтқындардың көбеюі, 5G желісі жайлы болжам
Саяси тұтқындарды қолдап, акция өткізіп тұрған белсенділер. Алматы, қазан айы 2020 жыл. Фото: Азаттық радиосы

Бұлар – “тыйым салынған ұйымның ісіне араласу” бабы бойынша күдікке ілініп, 27 қарашадан бері қамауда отырған Нұргүл Қалуова, Дарын Хасенов, Қалиасқар Әміренов, Жанат Жамалиев және Диана Баймағамбетова. Алғашқы төрт белсенді Павлодар облысының түрлі аудан-қалаларынан шыққан. Ал Баймағамбетова қазір Алматыдағы тергеу изоляторында отыр.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, тізімге енген белсенділердің көбі Ақмола облысы Талапкер ауылында өткен марқұм белсенді Дулат Ағаділдің асына барып, “рұқсат етілмеген шеруге қатысқаны үшін” әкімшілік жазаға тартылған. Осыған дейін Хасеновтің үстінен Баянауыл аудандық полициясы “ар-намыс, абырой мен іскерлік беделді қорғау” бойынша сотқа арыз түсірген. Қалуова қазан айында саяси қудалауға қарсылық ретінде “шаштарын тақырлаған” әйелдер акциясына қатысқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz