18.12 | Түркіменстандағы коронавирус, «Progress» саяси партиясы, Қазақстанда жасыл аймаққа енген қалалар

“Коронавирус анықталмаған” Түркіменстанда британ елшісі коронавируспен ауырып қалды

Билігі коронавирус инфекциясын жұқтырған бірде-бір адамды тіркемеген Түркіменстандағы Ұлыбритания елшісі Covid-тен «емделуім керек» деп мәлімдеді. Бұл туралы “Азаттық радиосы” хабарлады.

Ұлыбританияның Түркіменстандағы елшісі Хью Филпотт 16 желтоқсанда Twitter-де түркімен тілінде ән айтқан видеосы жайлы әңгімелей отырып, дертті жұқтырғанын да хабарлады.

YouTube-те Филпотт өзін «әуесқой әнші әрі дипломатпын» деп суреттейді және “Ашғабаттағы Orient TM ақпарат агенттігі осы әнді жазуға шақырды” деп жазады. Оның айтуынша, агенттік ол түркімен тілінде айтқан “Түркімен даласы” әніне видеофон әзірлеген.

Видеоны бөліскендерге алғыс білдірген елші “жазылып келе жатқанын” айтқан.

Кейін ол Twitter-де Ұлыбританияның мұның алдындағы елшісі Робин Орд-Смитке “Covid-тен жазылуым керек” деп жауап берген.

2018 жылдан бері Ұлыбританияның Ашғабаттағы елшісі болып жұмыс істейтін Филпоттың коронавирусты қай жерде жұқтырғаны белгісіз. Ол дертінің жай-жапсарын айтып беру туралы Азаттық журналисінің туитіне әлі жауап бермеді.

Әсия Төлесова мен Әлия Жолболдина «Progress» саяси партиясын құрғанын хабарлады

Азаматтық белсенділер Ася Тулесова мен Әлия Жолболдина «Progress» партиясын құруға ниетті екендіктерін мәлімдеді. Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлады.

«Біз бұған ұзақ уақыт келдік. Әрине, көптеген сұрақтар туындайды, біреу біздің партия онсыз да тіркелмейді деп айтады, сонымен қатар сайлау күндері де жақын. Бірақ біз сіздердің қолдауларыңызбен партияны тіркей алатынымызға сенімдіміз. Бұл партия Қазақстанның болашағы үшін күресетін шынайы адамдардан құралады», – деді Ася Төлесова Instagram-дағы эфир барысында.

Ол Қазақстанда партияны тіркеу процесі кейде ұзаққа созылатынын, бірақ «Progress» партиясын жақын күндері тіркей алатындығына үміт білдірді. Сонымен бірге, Vlast.kz сайтынының дерегінше, партияның құрылтай съезі 2021 жылдың 1 маусымына жоспарланып отыр.

«Біз өзімізге дайындалу үшін алты ай уақыт береміз. Содан кейін Қазақстанның әр аймағында біздің өкілдеріміз болады, біз қол жинаймыз, өйткені заңға сәйкес, партияны Әділет министрлігі тіркеу үшін жиырма мың дауыс жинауымыз керек», – деді ол.

Белсенді Қазақстанда жаңа саяси партияларды тіркеуге айтылмаған тыйым бар деп мәлімдеді, дегенмен «Progress» құрылтайшылары бұл жағдайды өзгертуге ниетті.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа кірді

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа енді. Бұл туралы Қазақстан аймағындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметтеріне сүйеніп, Informburo.kz хабарлады.

18.12 | Түркіменстандағы коронавирус, «Progress» саяси партиясы, Қазақстанда жасыл аймаққа енген қалалар
Фото;Максим Золотухин

Бұған дейін Алматы мен ШҚО “сары” аймақта, Нұр-Сұлтан қаласы “қызыл аймақта”болған.

Қазіргі уақытта тек Атырау облысы ғана “қызыл” аймаққа енгізілген. Ал СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары “сары” аймақтар қатарында.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz