Қазақстан-Әзірбайжан арасындағы тауар айналым 5 есеге артты ма?

Президент Тоқаев 11 наурызда Әзірбайжанға мемлекеттік сапармен барып, COP29 саммитіне қатысты. Сапар барысында Ильхам Әлиевпен бірнеше кездесу өткізіп, екі ел арасындағы мәдени-экономикалық қарым-қатынасты талқылады. Талқы барысында Тоқаев қазақ-әзірбайжан тауар айналымының 2020 жылдан бері 5 есе артқанын мәлімдеді. Factcheck.kz аталған деректі тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2020 жылдан бері 5 есе артты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті

Үкім: Шындық, бірақ…

ҚР Ұлттық статистикасының дерегінше, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналым 2020 жылы 109,1 млн доллар болса, 2023 жылы 529,4 млн доллар, яғни расымен де 5 есе артқан. Алайда, коронавирус кезеңімен салыстырған қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды, себебі пандемиядан кейін кез келген тауар айналымның артқанын білеміз.

Ал жалпы кейінгі 10 жылды қарайтын болсақ, 2013 жылы тауар айналым 438,1 млн доллар болған, яғни бір өсіп, бір кеміп отырғанын көруге болады. Толығырақ төмендегі инфографикадан қарай аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz