Орал полицейлері фактчекинг тренерін қамауға алды

15 қыркүйекте Орал полицейлері фактчекинг бойынша тренингті тоқтатып, украиндық белгілі журналист, медиатренер Александр Гороховсийді тұтқындаған. Гороховскийдің миграциялық картасы алынып, оған ҚР аумағанда заңсыз еңбек етті деген айып тағылған. Іс бойынша сот 17 қыркүйекке белгіленді. 

14 қыркүйекте басталған тренингті қазақстандық журналист Лұқпан Ахмедьяров жақында іске қосылып. кәсіби журналистерді дайындауға арналған “Журналистика мектебі” аясында ұйымдастырған болатын. Лұқпанның айтуы бойынша, Батыс Қазақстан өңірінде журналистика факультеті жоқ және оның жобасы осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. 

Құқық қорғаушылардың сөзінше 102 нөміріне өзін Талғат Катауов деп таныстырған азаматтан қоңырау түскен.

Назарларыңызға оқиға орнынан түсірілген видеоны ұсынамыз.

Қазақстандағы Украина елшілігі оқиғаны бақылауына алып, шағын пікір де білдірді. Консул Александрмен байланысқанын және оны қорғау үшін адвокат тағайындалғанын айтты. Factcheck.kz оқиғаны бақылауды жалғастырады. 

Контекст

Александр Гороховский«Без брехнi» жобасының редакторы, Factcheck.kz серіктесі. 2017 жылы қазақ және орыс тілдеріне аударылған фактчекинг бойынша практикалық оқу құралының авторы. Кітапта фактчекинг әдіснамасы, жалған ақпаратқа қарсы тұру жолдары жазылған.

 

Factcheck.kz