Журналист Жәния Ұранқаева үкімет отырыстарына қатысуға рұқсат алды. Үкіметтің баспасөз қызметі журналиске қойылған шектеуді 31 желтоқсанға дейін қайта қарауға келіскен. Бұл туралы “Әділ сөз” сөз еркіндігін қорғау қоры хабарлады.
Журналист Жәния Ұранқаева үкімет үйіне кіргенде нысан ішіндегі режимді және кіру тәртібін сақтауы, үкімет ғимаратында БАҚ өкілдері қызметін реттейтін өзге де құжат бойынша жұмыс істеуі керек.
Қазақстанның ақпарат министрлігі тамыздың аяғында аккредитацияға қатысты жаңа ереже қабылдаған. Ол бойынша, ғимарат ішінде журналистердің жүріп-тұру тәртібін мемлекеттік органдардың өзі белгілейді. Үкіметтің баспасөз қызметі журналистердің жұмыс істеу тәртібін осы ережеге сүйеніп өзгерткен.
Журналистер мен медиақауымдастық бұл ереже “сөз еркіндігін өрескел бұзу” деп айтып отыр.