Киевте қазақстандық белсенді, журналист Айдос Садықовқа белгісіз біреу қастандық жасады. Бұл туралы “РБК—Украина” сайты елдің ұлттық полициясына сілтеп жасап ақпарат таратты.
Басылымның ақпараты бойынша, оқиға Киевтегі Шевченко ауданында болған. Белгісіз адам тұраққа қойылған автокөліктің жүргізушісіне оқ атқан. Зардап шеккен адам қазақстандық журналист Айдос Сыдықов екені анықталды. Қазіргі уақытта Украина полициясы оқ атқан адамды іздеп жатыр.
Айта кетері, Айдос Садықов пен әйелі Наталья Садықова Киевте тұрады. Олар 2014 жылдан бері “Бәсе” деген Youtube канал ашып, билікті сынайтын, биліктегілердің жемқорлыққа қатысы бары туралы видеолар жариялап жүр. Қазақстан ерлі-зайыпты Наталья және Айдос Садықовтарға іздеу жариялаған.