“Татарстанға еркіндік” деген зейнеткер жазаланды

Татарстанға еркіндік тілеген және отбасында татар тілінде сөйлеуге үндеген 63 жастағы зейнеткер Рузиля Шарафутдиноваға 80 мың рубль айыппұл салынды. Бұл туралы Азаттық қызметі хабарлады.

Ол “Өшпенділік қоздыру” және “Ресейдің территориялық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекетке үндеу” деген айыпталып, екі бап бойынша кінәлі деп танылды. Бірінші бап бойынша оған – 10 мың рубль, екінші бап бойынша 70 мың рубль айыппұл салынды.

Басылымның ақпараты бойынша, зейнеткер Шарафутдинова 2023 жылы 24 қазанда “Яңарыш Татар халық партиясы” деген Telegram-арнаға екі аудиохабарлама жариялаған. Ол осы аудиолары үшін жауапқа тартылған болуы мүмкін. Сол күні телеграмда адамдар Татарстан егемендігін, татар тілінің жағдайын талқылаған. Рузиля Шарафутдинова бірінші аудиосында татар тілін отбасында үйретуді ұсынған. Екінші аудиосында татар тілінің ахуалы елдің еркіндігімен тікелей байланысты екенін айтып, “Татарстанға еркіндік” деген. Дегенмен Сот шешімінде аудиожазба туралы мәлімет жоқ. 

Factcheck.kz