Сенат депутаттары тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген түзетулерді екі оқылымда мақұлдады.
Заңның мақсаты – әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да негіздерін жетілдіру.
Енді заң бойынша:
- Денеге ауыртпалық және қасақана жеңіл зиян келтірген адамның ісі Әкімшілік кодекс емес, Қылмыстық кодекс арқылы қаралады және қылмыстық жауапкершілікке тартылады;
- Заң 106-бап (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 107-бап (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша бас бостандығын шектеу мүмкіндігін жояды.
- Кәмелетке толмағандарға қатысты физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен байланысты қылмыстар бойынша тараптардың татуласу мүмкіндігі болмайды;
- Кәмелетке толмаған адамды өлтіргені, кәмелетке толмаған баланы зорлағаны және күш қолдану әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар енгізіледі;
- Қылмыстық кодекске 121-1-баптың жаңа бөлігін енгізу арқылы енді 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.