Ресейде төрт әйел алуға рұқсат берілді ме?

Кейінгі күндері қазақстандық интрнет кеңістікте “Ресейде ер адамдарға төрт әйел алуға рұқсат етілді” деген тақырыптағы материалдар түрлі форматта тарап жүр (1,2,3,4,5). Аталған ақпаратқа қарасақ, жұбайларына әділ және тең қарым-қатынас жасаған ер адамға төрт әйелге дейін діни неке қиюға рұқсат беріледі екен. Ақпарат қаншалықты рас, Factcheck.kz тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

17 желтоқсанда Ресей мұсылмандар діни басқармасы ғұламалар кеңесі әйелдеріне әділ әрі тең қараған ер адамдарға төрт әйелге дейін некелесуге рұқсат бергені рас. Алайда бұл Ресей заңнамасына қайшы, заң бойынша тек ресми АХАЖ бөлімінде некелесе алады әрі бір некегеден артық тіркей алмайды. Сондай-ақ ресейлік қоғамның реакциясына әрі Бас прокуратураның ұсынысына байланысты ғұламалар кеңесі 24 желтоқсанда пәтуаны кері қайтарды.

Ресей мұсылмандар діни басқармасы ғұламалар кеңесі бұл пәтуәні қабылдағаннан кейін бірнеше рет түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, муфтий Равиль Гайнутдиннің айтуынша, бұл пәтуа Ресей заңнамасын бұзбайды. Алайда бірқатар ресейлік медиалар ғұламалар кеңесінің шешіміне таң қалып, қарсылық білдірді. Бірнеше күннен кейін Бас прокуратура отбасылық және зайырлы қоғам заңнамасына қайшы келеді деп танып, діни басқармаға бұл пәтуәні кері қайтаруын сұрады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz