ProTenge инстаграм парақшасына шабуыл жасалғанын хабарлады

8 желтоқсан кешке ProTenge жобасының инстаграм парақшасында жұмыс істеуге шектеу қойылды. Бұл туралы жоба жетекшісі Джамиля Маричева Facebook парақшасында хабарлады.

Жоба жетекшісі Маричеваның сөзінше, ProTenge-нің инстаграм парақшасына арнайы шабуыл жасалған.

Бұл сөзсіз жаман жаңалық. Бірақ мамандардың жедел және кәсіби қолдауының арқасында сол күні кешкі сағат 23:00-ге дейін аккаунтты қалпына келтірдік. Алайда дәл сол сәтте жаңа шабуылға ұшырадық. Бұл біздің жазбаларымызды цензуралау әдісі екеніне еш күмән жоқ.

Джамиля Маричева

Джамиля Маричеваның сөзінше, қазір ең бастысы —  ProTenge жазбаларын қалпына келтіріп, аудиторияға қол жетімді ету. Бұған бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін уақыт кетуі мүмкін. Ал екінші маңызды нәрсе — шабуылдың артында кім тұрғанын анықтау.

Кейінгі айда бізде жарияланған бірқатар жазбаларға әсер ету мақсатында бірнеше әрекет болды. Бірақ біз шыққан жазбаларды жоймаймыз және жіберген сауалдарымызда қайтарудан бас тартамыз. Шамасы, шабуылға біздің “диалогтан” бас тартқанымыз себеп болып отыр.

Джамиля Маричева

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz