Канадада “гендер” пәніне байланысты жаппай митиң болды ма?

Қыркүйектің соңында әлеуметтік желілерде, әсіресе TikTok-та Канададағы мұсылман және христиан отбасылар мектеп бағдарламасына “гендер” пәнінің қосылуына қарсылық білдіріп, 500 мыңнан астам адам митиңге шыққан видеолары тарады. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

@bel.pravda #канада #школа #образование #гендер #актуальное #минскаяправда #новости ♬ оригинальный звук – bel.pravda

Үкім: Шындық және Манипуляция

Шындығы мынада: 20 қыкүйекте “1MillionMarch4Children” ұранымен Канаданың Оттава қаласы Парламент ғимаратының алдында жүздеген адам мектептегі LGBTQ+ идеологияға қарсы митиңге шықты. Кейінірек наразылықтар Торонто, Ванкувер, Виктория және тағы басқа қалаларда да өтті. Негізгі мақсат – ата-ана құқығын алға тарту арқылы мектептегі гендерлік идеологияға наразылық таныту.

Манипуляциясы мынада: Біріншіден, жоғарыдағы видеода көрсетілгендей тек гендерлік идеологияға қарсы митиң ұйымдастырылған жоқ. Сонымен қатар, контр-наразылық митиңдер де қатар болды. Яғни мектептегі гендерлік идеологияның адам құқығы тұрғысынан дұрыс екенін алға тартып, “ата-ана құқығы” терминін сынға алды.

Екіншіден, “мұсылман және христиан отбасылар” наразылықты бастады деген тіркес дұрыс қолданылмаған. Себебі наразы топтың арасында кімнің “мұсылман” кімнің “христиан” екенін дәлелдейтін ресми дерек жоқ.

Үшіншіден, “500 мыңнан астам” адамның жиналғаны туралы дерек те расталмаған.

Бұл қандай пән?

2016 жылы Британдық Колумбия провинциясының білім министрі Майк Берниер өңірдегі барлық мемлекеттік және тәуелсіз мектептерге LGBTQ+ оқушыларды Адам құқығы Кодексінің негізінде қорғауға талап етті. Содан кейін Sexual Orientation and Gender Identity немесе қысқаша SOGI деп аталатын мектеп оқушыларына арналған инклюзивті білім беру жүйеуі құрылды. Дегенмен SOGI бұл оқу бағдарламасы емес, тек мектептерде қосымша пән ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда Канаданың Британдық Колумбия және Альберта провинцияларында SOGI 123 бағдарламасы қосымша пән ретінде оқытылады. Алдағы уақытта бұл жүйені Канаданың барлық провинциясындағы мектептерге қоспақ, дегенмен наразылық топтар бұған қарсылық танытуда.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz