Гендер мәселесін зерттеуші, “Arasha” дағдарыс орталығының жетекшісі Маргарита Өскембаева қайтыс болды. Бұл туралы “Тіл кеспек жоқ” İnstagram парақшасы хабарлады.
Маргарита Өскембаева – Қазақстандағы алғашқы феминистердің бірі. Оған қоса ол “Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты” қоғамдық қорының президенті болды. “Arasha” дағдарыс орталығында белсенді әйелдер мен балаларға медицина, құқық тұрғысынан көмек берген.
Сонымен қатар ол “отбасыдағы-тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңның жұмыс тобында болған.