Қаңтар оқиғасы кезінде интернетті өшіру бойынша сот ісі өтті

2024 жылғы 12 маусымда Алматы қаласы, Алмалы ауданының №2 аудандық сотында 2022 жылы болған Қаңтар оқиғасы кезінде байланыс қызметтерінің интернетті өшіріп, қолданушыларының құқығын бұзғанына қатысты сот ісі өтті.

Арыз жазған тарап жауаптылардың интернет өшкеннен келген шығынды өтеуін талап етті.

Арызданған тараптың мүддесін адвокат Елжан Қабышев қорғады. Айыпталғандар «Кар-Тел» ЖШС (Beeline & IZI) және «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС (Tele2 / Altel) болды.

Адвокаттың айтуынша, байланыс операторлары өз ісіне жауап беруі керек. Алайда айыпталушылар өзіне тағылған айыппен келіспейді және сот екінші тараптың талабын қабылдамауы керек деп есептейді.

«Біз өз тарапымыздан арызданушының құқықтары мен мүдделерін бұзған жоқпыз деп есептейміз. Кейбір хабарландыруды немесе құжатты өшірудің техникалық аспектілеріне келсек, бұл шағымдар шеңберінен шығады деп ойлаймыз. Біз интернетті «Кар-Тел» ЖШС немесе кез келген байланыс операторы өз қалауымен өшірмегенін дәлелдесек болғаны. Ал қалған техникалық және ұйымдастырушылық мәселесінің бұған еш қатысы жоқ», – деп жауап берді «Кар-Тел» ЖШС өкілі.

“Шындығында, бұл тарихи процесс деп есептеймін және Алматы қаласы Алмалы аудандық №2 соты үшін және жалпы сот жүйесі үшін адам құқықтары бос сөз емес деп сенемін. Байланыс операторларының іс жүзінде байланыс орнатпайтынына қатты қапалымын. Адам құқықтарын және тікелей менің клиентімнің құқықтарын жаппай бұзуға қатысы бар байланыс операторлары мен басқа да тұлғаларға сабақ болатын әділ шешім шығарылады деп үміттенемін. Шешім арызданушының негізгі талаптарын қанағаттандырмаса, бұл операторлар мен басқа мүдделі тұлғалар үшін жасыл сигнал болады, олар өздерінің жазаланбайтынына сенімді болады және интернетті жай ғана өшіріп, ешқандай жауапкершілікті сезінбейді”, – деп қорытындылады сөзін адвокат.

Сот отырысының қорытындысы дүйсенбіде 17:00-де белгілі болады.

Factcheck.kz