HRW: Қазақстандағы Масс-медиа туралы заң сөз және баспасөз еркіндігіне қауіп төндіреді

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан жақында қабылдаған “Масс-медиа туралы” жаңа заңдағы кей бап сөз және баспасөз еркіндігіне қауіп төндіретінін мәлімдеді.

“Масс-медиа туралы” жаңа заңда кей бап статус-квоны жақсартуға бағытталғанымен, екіұшты және шектеу сипатындағы басқа ережелер жергілікті және шетел журналистерінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

Хью Уильямсон, HRW-тың Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 маусымда медиа сарапшылар мен журналистер сынаған “Масс-медиа туралы” заңға қол қойды. Ал “БАҚ туралы” және “Телерадиохабарларын тарату туралы” заңдар күшін жояды.

HRW мәлімдемесінде “Масс-медиа туралы” заңның оң тұстарын атап өткен: азаматтар ақпарат құралдарында жалған ақпарат немесе ар-намысқа нұқсан келтіретін ақпарат бойынша БАҚ-қа талап-арызды материал жарық көрген сәттен бастап бір жыл ішінде бере алады (бұған дейін үш жыл болған). Редакцияның сауалдарына жауап беру мерзімі жеті жұмыс күнінен бес жұмыс күніне қысқарды. “Журналисті құқықтық қорғауға бағытталған “журналистің ерекше мәртебесін” енгізу де оң өзгеріс болуы мүмкін”.

Factcheck.kz