HRW Беларусь билігін заңгерлерді қудалағаны үшін айыптады

Беларусьте саяси мәселеге қатысты сотталғандарды қорғап жатқан заңгерлер қуғын-сүргінге ұшырай бастады. Бұл туралы Human Rights Watch хабарлады.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, Беларусь билігі заңгерлерге өз клиенттерімен кездесуге мүмкіндік бермеген. Оған қоса қорғаушы мен айыпталушы арасындағы құпия әңгімелерді тыңдап, жазып алған.

“Беларусь билігі саяси астары істер бойынша сотталған клиенттерін қорғап жүрген заңгерлерді қудалап, олардың құқығын бұзып, сотты күлкіге айналдырды”, – деді Еуропа мен Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі кіші ғылыми қызметкер Анастасия Крупе.

Құқыққорғаушылар Беларусь билігін заңгерлерді қудалауды тоқтатуға және олардың кәсіби міндеттерін орындауы үшін қолайлы жұмыс жағдайын жасауға, адвокатураның тәуелсіздігін қалпына келтіруге шақырды.

Factcheck.kz