Журналистерді қорғау комитеті Temirov Live басылымының төрт журналисіне қатысты үкімін күшінде қалдырған Қырғызстан сотын айыптады. Журналистердің екеуі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ұйым сот 18 желтоқсанда Махаббат Тәжібекқызын алты жылға, Азамат Ишенбековті бес жылға бас бостандығынан айыруға, ал репортер Айке Бейшекеевті және бұрынғы репортер Ақтілек Қапаровты үш жылға шартты түрде қамауға үкім шығарғанын еске салды.
“Temirov Live-тің сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл материалдары оны Қырғызстан билігінің бірінші нысанасына айналдырды. Сот Махаббат Тәжібекқызы мен Азамат Ишенбековке қатысты шектен шыққан үкімін күшінде қалдырып, Қырғызстан билігі басылымның репортажына қуғын-сүргін жасаудан басқа реакциясы жоқ екенін көрсетті. Қырғызстан билігі Тәжібекқызы мен Ишенбековті дереу босатуға, Жоғарғы сотта олардың апелляцияларына және журналистер Айке Бейшекеева мен Ақтілек Қапаровтың апелляцияларына қарсы шықпауға, сондай-ақ тәуелсіз баспасөзге қарсы науқанын тоқтатуға міндетті”. – деді CPJ Еуропа және Орталық Азия бағдарламасының үйлестірушісі Гүльноза Саид.
Temirov Live негізін қалаушы Болот Теміров CPJ-ге журналистер өз үкімдеріне байланысты Жоғарғы сотқа шағымдануды жоспарлап отырғанын хабарлаған.
Биыл қаңтарда Temirov Live және “Айт айт десе” жобаларымен бірелесе жұмыс істейтін 11 журналист ұсталғанын еске салайық. Оларға “жаппай тәртіпсіздік жасады”, “биліктің заңды талаптарына бағынбады және азаматтарды зорлық-зомбылыққа шақырды” деген айып тағылды. Мемлекеттік айыптау журналистерді алты жылға бас бостандығынан айыруды талап еткен.
Басты беттегі сурет Азаттық Радиосынан алынды.