Грузия парламенті ЛГБТ+ өкілдерін шектейтін заң жобаларын бірінші оқылымда қабылдады

Грузия парламенті елдегі ЛГБТК+ қауымдастығы құқығын шектейтін және “отбасындағы құндылықтарды” қорғауды жария ететін 19 заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Биліктегі партия заң жобаларын қолдап дауыс берді, оппозиция өкілдерінің көбі отырысқа бойкот жариялады.

Заң жобаларында ЛГБТК+ өкілдеріне кәмелетке толмаған бала асырап алуға және оған қамқорлық көрсетуге, бір жынысты некені “дәріптейтін” жиын өткізуге (гей-парад жатуы мүмкін), жынысты өзгертуге тыйым салу көзделген.

“Эхо Кавказа” сайтының ақпараты бойынша, ЛГБТК+ некесі, олардың бала асырап алуы және жынысты ауыстыру бойынша операциялар туралы шығармаларда, бағдарламаларда және басқа да контенттерде таратуға тыйым салуды ұсынған.

Factcheck.kz