Энергетика министрлігінен жоғалған құжаттар ішінде климаттық саясатқа қатысты не бар?

Желтоқсанның алғашқы аптасында Securitylab сайтында тарап кеткен құпия материалдардың әлемдегі ең үлкен мұрағаты таныстырылды. Олардың арасында 2022 жылы хакерлер қолға түсірген ҚР Энергетика министрлігіне тиесілі 10 мыңнан аса құжаттар мен ішкі материалдар бар. Securitylab сілтеген LibraryOfLeaks-ка (архив) кіріп қарасақ расымен де 10 мыңнан аса нәтиже шығады. Factcheck.kz тараған құжаттардың маңыздылығына назар аударып, олардың ішінен климаттық саясатқа қатысы бар құжаттарды сараптап, мемлекеттік органдарға хабарласып, пікір алды.

Климаттық саясатқа қатысты қандай құжаттар тарады?

Тарап кеткен он мыңнан аса құжаттар мен ішкі материалдардың ішінде климаттық саясатқа және қоршаған ортаға байланысты жүзедеген құжат табылды. Атап айтсақ: жаңартылатын энергия көздеріне қатысты деректер өте көп, оның ішінде презентациялар, жоспарлар, тезистер, жасап жатқан іс-әрекеттер, баяндама мәтіндері, ЖЭК-ті жүйесін ілгерілетуге қатысты деректер бар. Сондай-ақ, климаттың өзгеруіне қатысты уоркшоп бағдарламалары, МАГАТЭ-нің жиындарына шақыртулар, түрлі шараға қатысқан адамдардың аты-жөндері, телефон нөмірдері, пошталары, жеке бастарын куәландыратын құжаттар кездеседі.

Энергетика министрлігінен жоғалған құжаттар ішінде климаттық саясатқа қатысты не бар?
Климаттық саясатқа қатысты қандай құжаттар
Энергетика министрлігінен жоғалған құжаттар ішінде климаттық саясатқа қатысты не бар?

Мемлекеттік органдардың реакциясы

Тарап кеткен құжаттар тікелей энергетика министрлігіне байланысты болғандықтан бірден министрлікке хабарласып, пікір сұрадық. Министрлік қысқа қайырды:

Талдау барысында сыртқа шығып кету объектісіне айналған деректер 2022 жылға дейінгі кезеңге жататындығы анықталды. Болжам бойынша ақпарат 2022 жылдың қаңтарында хакерлік шабуыл кезінде ұрланған. Жарияланым авторларын анықтау және оларды жауапкершілікке тарту мақсатында құзыретті органдарға хаттар жолданды.

Мемлекеттік техникалық қызметке де хабарласып пікір сұраған едік, мемлекеттік орган құжаттардың ескіргенін атап өтіп, маңыздылығына назар аудармады.

ҚР Энергетика министрлігіне инфрақұрылымына байланысты тарап кету оқиғасы 2022 жылы қаңтарда тіркелген. Қазіргі уақытта қажетті шаралар қабылданып жатыр. KZ-CERT мамандары осы оқиғаның салдарын жою үшін және ақпараттық жүйелерді қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар айтты.

Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығына (ЦАРКА) хабарласып едік, оқиғадан хабары барын, дәл қазір тараған деректер бойынша көлемді зерттеу жасап жатқандарын жеткізді.

Климаттық саясаттан басқа қандай құжаттар тарады?

Тарап кеткен он мыңнан аса құжаттар мен ішкі материалдардың ішінде меморандумдар, келісімдер, адамдардың биографиясы, министрлер мен ресми өкілдерге жазып берген мәтіндер, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер, презентациялар, Қазақстанда ұйымдастырылған түрлі жиындардың бағдарламалары, шақыру билеті, құттықтау және алғыс хаттар, тезистер, жиынтық жоспарлар, тіпті экс-министр Нұрлан Ноғаевтың жеке куәлігі және т.б. түрлі құжаттар бар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz