Түрмеде отырған саясаткер Марат Жыланбаев қысым көріп жатқанын айтты. Бұл туралы құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.
Марат Жыланбаев елдің адам құқығы жөніндегі уәкілі Артур Ластаевқа хат жазған. Онда ол өзінің түрме қызметкерлерінен қысым көріп жатқанып айтып, көмек сұраған.
“Басыма №4 мекеменің қызметкерлерінен қауіп төніп тұр. Маған жедел түрде келуіңізді өтінемін. Бұған дейін қысыммен маған құқық қорғаушылардан көмек керек емес деп жазған едім”.
Марат Жыланбаеатың хатында жазғаны
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы қарашада сот тіркелмеген “Алға, Қазақстан!” партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевты “экстремистік ұйым ісіне араласты” және “экстремизмді қаржыландырды” деген айып бойынша 7 жыл соттады.