Беларусьте саяси тұтқын танылған бес әйел босап шықты

Беларусьте Гомельдегі әйелдер колониясынан құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныған бес әйел босап шықты. Бұл туралы Гомельская Вясна” құқық қорғау жобасына сілтеме жасап, “Азаттық Радиосы” хабарлады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, “экстремизмді қолдады” деп айыпталып, екі жылға сотталған Дарья Лосик, Полина Половинко, Тамара Острейко және Екатерина Маденкова босап шыққан. Олар 3 шілдеде рақымшылық туралы заң аясында босатылған.

Дарья Лосик — 2021 жылғы желтоқсанда 15 жыл түрмеге кесілген белорус блогері Игорь Лосиктің әйелі.

Күйеуіне үкім шыққаннан кейін Дарья Лосик Александр Лукашенкоға қайырылып, оны қорқақтығы үшін айыптаған. 2023 жылы Дарья Лосик “экстремистік құрылым” деп танылған “Белсат” телеарнасына сұхбат бергені үшін “экстремизмді қолдады” деп айыпталып, екі жыл түрмеге кесілді.

Полина Половинко – қазақстандық “Хабар 24” телеарнасының штаттан тыс тілшісі, саяси тұтқын Дмитрия Лукшидің әйелі. Ерлі-зайыптылар 2022 жылы маусымда ұсталған. Дмитрия Лукшиге Беларусьтің беделіне нұқсан келді деген айып тағылып, төрт жылға сотталды, ал әйелі оған көмектесті деп айыпталды.

Factcheck.kz