Алматыда және Алматы облысында полиция бірнеше белсендіні ұстады. Оған қоса олар кейбірінің үйін тінтіген. Бұл туралы белсенді Абзал Достияров Facebook парақшасында хабарлады, деп жазды Азаттық Радиосы.
Белсендінің әйелі Гүлзамира Сыдықованың айтуынша, полиция күйеуінің телефонын тартып алған, оның машинасынан “Бас кеспек болса, тіл кеспек жоқ” деген футболка мен кепканы да алып кеткен. Күйеуінің бензин шығындарын жазып жүрген қойын дәптерін де тәркілеген.
Сонымен қатар сол күні Азат Төлеухан, Рақыш Тоқмамбетов та ұсталғаны белгілі болды.