Алматы соты феминист белсенділерге айыппұл салды

15 мамырда Алматының әкімшілік соты феминист белсенділер — Гүлбақыт Өтебайды және Гүлзада Сержанды “рұқсатсыз жиын ұйымдастырды” деп айыптап, айыппұл салды.

Сот оларды “рұқсатсыз жиын ұйымдастырды” деп, Әкімшілік кодекстің 488-бабы 7-бөлігі бойынша айыпты деп танды. Белсенділерге 184 мың теңге (50АЕК) айыппұл салынды.

Айта кетейік, 14 мамыр Гүлбақыт Өтебай, Гүлзада Сержан және тағы бірнеше белсенді Алматыда шеруге шыққан. Олар әйелі Салтанат Нүкенова өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап еткен. Кейін белсенділерді полиция ұстап әкеткен.

Гүлзада Сержан өзіне тағылған айыппен келіспейді. Белсендінің айтуынша, ол шеруге шыққан, бірақ оны ұйымдастырмаған. Гүлбақыт Өтебай да дәл осылай мәлімдеген.

Factcheck.kz