Қазақстанда авиабилеттерді сату бойынша алаяқ сайттар анықталды

KZ-CERT сарапшылары Қазақстан аумағында 2 алаяқтық жүйені анықтады. Интернет ресуртағы деректерді KZ-CERT қызметі «Интернет желісіндегі Фишинг» санатына еңгізді.

Пайдаланушыларға билеттерді тиімді бағамен сатып алу ұсынылады. Билетті және төлем нысанын таңдағаннан кейін пайдаланушыдан банк картасының деректемелерін (несие картасының нөмірі, CVV-код) енгізуді сұрайды. Пайдаланушы төлем жасауға келіскеннен кейін несие картасының деректемелері алаяқтарға жіберіледі. Бұл туралы пайдаланушы тіпті білмей қалады.

Бүгінгі таңда авиабилеттерді делдалдардың көмегімен оңай тауып, сатып алуға болады. Көбінесе делдалдар арқылы билеттерді сатып алу авиакомпанияның өзінен сатып алудан гөрі тиімдірек, сондықтан бұл қызметке сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Тиісінше, пайдаланушылардың жеке деректерін бұзу қаупі артады.

Дерегіңіздің тарап кетуін болдырмау үшін KZ-CERT қызметінен бірнеше кеңес:

  1. Сервистердің көмегімен ИР тіркеу күнін тексеру whois.net, pr-cy.ru немесе cy-pr.com (IR-ге өтіп, іздеу жолына домен атауын енгізу керек, содан кейін «тексеру» түймесін басыңыз, доменді тіркеу күні бар жолға назар аударған жөн). Хостинг-провайдер тарапынан доменнің қызметін тоқтатуға байланысты алаяқ ресурстар бір-екі айдан артық жұмыс істемейді;
  2. Адрестік жол ИР ресми атауына сәйкес келетінін тексеру;
  3. Билетті төлеу тәсілін тексеріңіз. Көбіне төлем онлайн-банкинг арқылы жүзеге асады. Егер сізден виртуалды әмиянға немесе карта нөміріне ақша аудару сұралса-бұл алаяқ сайт. Компаниялар жеке тұлғаларға немесе Web Money арқылы төлем жүргізбейді;
  4. Қолдау қызметі бар-жоғын және ол хабарламалар мен қоңырауларға қаншалықты тез жауап беретінін тексеріңіз. Сондай-ақ, басқа ресурстардан сатушы мен олардың қызметі туралы пікірді іздеп көріңіз.