ДДСҰ короновирусқа байланысты халықаралық төтенше жағдай жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус Қытайдан тыс аумақта таралып жатқандықтан халықаралық төтенше жағдай жариялады. Дегенмен, ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус халықаралық сапарлар мен саудаға шектеу қоюға негіз жоғын мәлімдеді. Бұл жайлы BBC хабарлайды.

Ұйым басшысының айтуынша вирус денсаулық сақтау жүйесі нашар елдерге тарауы мүмкін. Бүгінгі күнде АҚШ үкіметі азаматтарына Қытайға бармауға кеңес беріп жатыр.

Вирус Қытайдан басқа 18 мемлекетте табылды:

  • Тайланд пен Жапонияда 14 жағдай
  • Сингапурда 13 жағдай
  • Оңтүстік Кореяда 11 жағдай
  • Аустралия мен Малайзияда 8 жағдай
  • Франция мен АҚШ-та 5 жағдай тіркелді

Әр түрлі елдер шекараны жабу немесе рейстер тоқтату шешімін қабылдады. Ал Google, Ikea, Starbucks және Tesla сияқты компаниялар Қытай, Гонконг және Тайванда өз дүкендерін жапты немесе өз қызметін тоқтатты.

Бұл ДДҰ 2009 жылдан бері жариялаған қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы алтыншы халықаралық төтенше жағдай.

Бұған дейін ұйым 2009 жылы бүкіл әлемге тараған H1N1 вирусына қатысты мәлімдеме жасаған еді. Вирустың нәтижесінде 200 000-нан астам адам қаза болды. 2012 жылы полиомиелит індеті тарады. 2016 жылы бүкіл Америкаға тараған Zika вирусынан кейін ДДСҰ үшінші рет төтенше жағдай жариялады. Ал 2014-2019 жылдар аралығында өршіген Эболада ұйым екі рет төтенше жағдай жариялады.

Factcheck.kz