Алматы маңында Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы: ұшақ туралы не белгілі

27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағы Алматы маңында құлады. Ұшақ “Алматы-Нұр-Сұлтан” бағытында жолға шықты. Бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ондаған адам зардап шекті, қаза болғандар бар. Апатта қаза болғандардың саны қазіргі уақытта нақтылануда.

Қазақстандық Tengrinews.kz басылымы ИИДМ-ге сілтеме жасап, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын растайтын сертификат 2019 жылдың мамырында берілгенін хабарлайды. Борт 1996 жылдың сәуір айында шығарылды. Қазақстандық тізілімде 2016 жылы 26 тамызда тіркелді (куәлік нөмірі 940). Bek air әуекомпаниясында осындай 9 борт тіркелген.

Ресейдің Bombus, басылымының мәліметтері бойынша, Bek Air Fokker 100 әуе компаниясының ұшағының тіркеу нөмірі UP-F1007 болған. 1996 жылы зауыттан шығарылғаннан кейін ұшақ Тайванда әуетасымалдармен айналысты, ал 2009 жылдан 2012 жылға дейін Германияда Contact Air және OLT Express Germany әуекомпанияларының иелігінде болды. 2013 жылы Қазақстандық Bek Air компаниясына сатылды. Ресейде мұндай ұшақтар пайдаланылмайды.

Flightradar24 қызметінің мәліметтері бойынша, лайнер Алматы әуежайынан астанаға Z9 2100 рейсін орындады. Кесте бойынша ұшып шығу жергілікті уақыт бойынша 7:05-де еді. Ұшудың трегіне сәйкес, ұшақ шамамен 130 түйін жылдамдығын алды, ал байланыс жоғалған кезде ұшақ шамамен 2,2 мың фут (шамамен 600 м) биіктікте болды.

Factcheck.kz