ЖАЛҒАН | Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар көп ақша табады

    Скриншот Forbes.kz сайтынан

    Мамырдың 26-сында forbes.kz сайтында «Республикалық  тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия  кәсіпорындары» республикалық   қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовецтің өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салықты көбейту туралы ұсынысы жарияланды. Оның айтуынша, елдегі өзін жұмыспен қамтыған 3 миллионға жуық адам көп табысқа кенелгенімен, бюджетке салық төлемей жүр.

    Үкім: Жалған

    2016 жылдың ақпанынан бастап елде жұмыссыздарды анықтау әдісі өзгерді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, жаңа ереже бойынша, қандай да бір себеппен жұмыстан шығып, қызметтен кеткен азаматтар енді жұмыссыз деп саналмайды, экономикалық белсенді емес, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатқызылады.

    Скриншот zakon.kz сайтынан
    Скриншот zakon.kz сайтынан

    Заңнама бойынша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үш санатқа бөлінеді.

    • Өнімді жұмыспен қамтылғандар
    • Экономикалық белсенді емес азаматтар
    • Өнімсіз жұмыспен қамтылғандар
    Скриншот zakon.kz сайтынан1
    Скриншот zakon.kz сайтынан1

    Үкім: Жалған

    Статистика комитетінің 2016 жылдың 4-тоқсан бойынша Қазақстандағы халықтың ақшалай табыстарының құрылымы бойынша, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен қаржы жалпы табыстың 10,5 пайызына ғана тең және ол – басқа табыс көздерімен салыстырғанда ақша ең аз келетін санаттың бірі (мемлекеттің әлеуметтік әлсіз топтарға беретін түрлі жәрдемақысын есептемегенде). Сондай-ақ, 2014 жылы олардың жалпы ақшалай табыстары 11,1 пайызға жеткенімен, 2016 жылы бұл көрсеткіш 10,5 пайызға дейін азайды. Бұл – ауылда я қалада болсын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысы азайып жатыр деген сөз.

    Статистика комитетінің дерегі
    Статистика комитетінің дерегі

    «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының деректері бойынша, 2016 жылы министрлік жұмыссыздар санын есептеудің әдістерін өзгерту арқылы елде тұрақты қызметі жоқ адамдардың санын азайтып отыр. Олар экономикалық белсенді емес халық «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» санатына жатқызылмағанда, елдегі шынайы жұмыссыздық деңгейі 6,4 пайызға дейін жетуі мүмкін екенін айтады.

    Статистика комитетінің дерегі
    Статистика комитетінің дерегі

    Орталық сарапшыларының Статистика комитетіндегі деректерге сүйеніп жасаған зерттеуі бойынша,  өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар мен экономикалық белсенді емес азаматтардың көбі «тіршілік ету үшін түрлі жұмыс істей береді». «Олардың жартысынан көбінің, – дейді сарапшылар, – айлық табыстары елдегі күнкөріс минимумына (24 459 – ред.) жетпейді. Ал өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандардың 99 пайызының, өзін өнімді жұмыспен қамтығандардың 97 пайызының айлық табысы Қазақстандағы орташа жалақыға жетпейді».

    Статистика комитетінің дерегі
    Статистика комитетінің дерегі

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысы азайып жатқандықтан және ондағы екі санаттың айлық кірісі елдегі орташа жалақыдан аз болғандықтан, Николай Радостовецтің мәлімдемесі шындыққа жанаспайды деуге негіз бар.

    Үкім: Жалған

     


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.

    ЖАУАБЫН ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

    Please enter your comment!
    Please enter your name here