ЖАЛҒАН | Қазақстандықтар Діни басқарма шығарған пәтуаға байланысты құрсақ ана қызметінен бас тартуы тиіс

    Фото с сайта udivi.li

    Үкім: Жалған

    Діни басқарманың құрсақ ана қызметінен бас тарту жөніндегі пәтуасына байланысты ел азаматтары бұл қызметтен бас тартуы тиіс деген пікір қисынға келмейді. Діни басқарманың бұл пәтуасын әркім әртүрлі қабылдады. Біреулер «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы суррогат ана мәнін түсінбеді» десе, екіншілері діни басқарма адам тағдырын шеше алмайтынын айтып, өз пікірлерін әлеуметтік желілер мен интернет-басылымдарда жариялай бастады. Қазақстандықтар зайырлы мемлекетте өмір сүреді. Бұл елде шариғат емес, зайырлы құқық қолданысқа ие. Сол себептен мемлекет азаматтары діни ұйымдардың ұстанымын орындауға міндетті емес.

    2017 жылдың басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  құрсақ ана туралы пәтуа шығарған болатын. Пәтуа мәтіні мынандай:

    «Құрсақ ана (суррогат ана) қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл әдіс бойынша ерлi-зайыптылардан алынған аталық ұрық пен аналық клетканы арнайы түтiкшелерде сырттай ұрықтандырып, құрсақ ана (суррогат) қызметiн ақылы немесе ақысыз түрде атқаруға ризашылығын бiлдiрген бөтен әйелдiң жатырына салады. Мұндай жолмен бала табуға шариғатта рұқсат жоқ».

    Скриншот kazislam.kz сайтынан

    Мұндай шариғи үкім ұнамаған азаматтар өз наразылығын әлеуметтік желілер мен интернет-басылымдар арқылы жеткізді. Дінтанушылар болса, бұл мемлекет заңы емес, тек мұсылмандардың пікірі екенін айтты.

    Скриншот nur.kz сайтынан

    Мамандардың айтуынша, жыл өткен сайын Қазақстанда бедеу жұптар саны өсіп келеді. 2014 жылы ресми тіркелген 147,3 мың отбасының 20 мыңы бедеулік зардабын шегіп келеді. Сол себептен мемлекетте соңғы жылдары құрсақ ана қызметіне жүгінушілер көбейіп отыр. 

    Қазақстан халқының басым бөлігі өздерін мұсылмандар қатарына жатқызады. 2009 жылы жүргізген санақ нәтижесі көрсеткендей, халықтың 70 пайызы – мұсылмандар. Осыны ескере отырып, Қазақстанның мұсылмандар діни басқарма арнайы құрсақ ана туралы пәтуа шығарды. 

    Пәтуа шығарған Ғұламалар Кеңесі Қазақстан Республикасының заң шығарушы органы болып саналмайтынын ескерген жөн. Сол себептен пәтуа тек ұсыныс ретінде қабылданады. Оны тек осы дінді ұстанған адамдар ғана ескере алады. 

    Скриншот www.din.gov.kz сайтынан
    Скриншот www.din.gov.kz сайтынан

    «Діндерді зерттеу орталығы қауымдастығының» директоры Юлия Денисенконың айтуынша, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуасына мемлекеттің барлық азаматтары құлақ асуға міндетті емес». 

    Юлия Денисенко бұл жөнінде былай дейді:

    Тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғана емес, өзге де конфессия құрсақ анаға қарсы. Бұл діни доктринадан шығып отырған дүние. Бұл жерде біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды естен шығармауымыз керек. Зайырлы елде шариғат емес, зайырлы құқық бар. Сол себептен діни ұйымдардың ұстанымын үзілді-кесілді жасалған тыйым деп қабылдамау керек. Бұл мұсылмандардың ұстанымы. Оны қабыл алу-алмау әркімнің өз еркінде.


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.