Түркия «Орталық Азия» терминінен бас тарта ма?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» сөзіне ауыстырады деген ақпарат тарап жатыр. Мысалы, Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған кейбір посттың бірінші бетінде «Түркия Орталық Азия терминінен бас тартады, оны Түркістан сөзіне ауыстырады» деп жазылған (1, 2, 3). Бірақ сипаттамасында «Түркия Ұлттық білім министрлігі тарих пәні бағдарламасына түбегейлі өзгерістер енгізгені» туралы нақтыланып жазылған. Factcheck.kz редакциясы мұның қаншалықты рас екенін тексеріп көруді шешті.

Үкім: Жартылай шындық

Түркияның білім министрлігі 2024 жылы 30 сәуірде жариялаған ақапартқа сай, тарих пәнінің оқулықтарында «Орталық Азия» терминінің орнына «Түркістан» сөзі қолданатыныны рас. Бұл 2024-2025 оқу жылында қабылданған жаңа бағдарламаның бір бөлігі.

Бірақ, бұл өзгерістер меткеп бағдарламасына ғана енгізілді. Түркияның сыртқы істер министрлігінің әр аймаққа қатысты деректерінде «Орталық Азия» термині өзгеріссіз тұр. Түркия президенті де жақында ғана БҰҰ-ның штаб пәтерінде «Орталық Азия» терминін қолданды.

Толығырақ

2024 жылдың 20 сәуірінде Түркияның білім министрі «Тарихи» білім берудегі түбегейлі өзгеріс пен жаңа бағдарлама атты жарияланымында білім саласындағы негізгі өзгерістерді атап өтті. Жаңа бағдарламада Түркиядағы мектептердегі тарих саласына бірқатар өзгеріс енгізілетіні туралы жазылған. Соның ішінде «Терминдер мен түсініктерді пайдалану» деген бөлігінде анахрониялық және ғылыми қате терминдер мен ұғымдарды қолданудан бас тартылатыны айтылады. «Орталық Азия» сөзінің орнына «Түркістан» және «Көшіру туралы заң» терминінің орнына «Қоныс аудару және орналастыру туралы заң» сияқты ұғымдар енгізілді.

Дегенмен жаңалық биыл 30 сәуірде жариялаған, қазақстандық медиада неге бірнеше ай өткен соң ғана «Түркия Орталық Азия терминінен бас тартады, оны Түркістан сөзіне ауыстырады» деп тарай бастағаны қызық.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 17 қазанындағы Ататүрік университетіндегі оқу жылының ашылу салтанатында, Түркияның білім министрі Юсуф Текин, оқу бағдарламаларына «Орталық Азия» терминінің орнына «Түркістан» сөзін қолданғанын баяндаған.

Бірақ бұл шешім «саяси» өзгеріске алып келмейтін секілді. Түркияның сыртқы істер министрлігінің әр аймаққа қатысты деректерінде «Орталық Азия» термині өзгеріссіз тұр.

Түркия «Орталық Азия» терминінен бас тарта ма?

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған да 2024 жылы, 24 қыркүйекте болған БҰҰ-ның 79-ассамблеясында сөйлеген сөзіне мән берсек, «Орталық Азия» терминін қолданған. Онда ол Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты дамыта беретіні туралы айтқан.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz