Қазақстанның сыртқы һәм мемлекеттік қарызы туралы

17 қарашада өткен Сенаттың пленарлы отырысында депутат Еділ Мамытбеков еліміздің сыртқы қарызы туралы бірнеше дерек кетірді. Депутат мәлімдемесіне қарасақ, кейінгі 3 жылда сыртқы қарыз 6 млрд доллардан астам өсіп, 165 млрд долларға жеткен. Осы орайда Factcheck.kz сайты деректердің рас-өтірігін тексеріп көрді.

Тайм-код: 14:19

Сыртқы борыш соңғы 3 жылда 6 млрд доллардан асып, 2022 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша 165 млрд доллардан асты.

Еділ Мамытбеков, депутат

Үкім: Манипуляция

ҚР Ұлттық Банкінің дерегінше, кейінгі 3 жылда сыртқы қарыз 9 млрд долларға өскен. Алайда депутаттың неге дәл 3 жылды (2019-2021) мысалға алғаны белгісіз. Себебі 2018 жыл мен 2019 жылдарда сыртқы қарыз саны керісінше 2 млрд долларға кеміген. Ал жалпы 2013 жылдан бері сыртқы борыш бір өсіп, бір кеміп отырған.

Халықаралық қаржы ұйымдарының желісі бойынша 2022 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі [мемлекеттік қарыз] қарыз 6,3 млрд долларды құрайды.

Еділ Мамытбеков, депутат

Үкім: Техникалық қате

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың қыркүйектегі ақпаратқа сай халықаралық ұйымдардың желісі бойынша мемлекеттің қарызы 16,5 млрд АҚШ долларына жетті.

5 жыл ішінде мемлекеттік қарызға қызмет көрсету шығындары үш есе өсті.

Еділ Мамытбеков, депутат

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР әр жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңдары бойынша, борышқа қызмет көрсету шығындары кейінгі 5 жылдықта 458 млрд теңгеден (2017) 708. млрд теңгеге (2021) дейін өсті. Депутат келтіргендей 3 есе емес, 1,5 есе өскен.

Үкіметтің қарызы 20 трлн теңгеге жетті.

Еділ Мамытбеков, депутат

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметіне сай, 2022 жылғы 1 қазанда мемлекеттік борыш 23,8 трлн теңгені құрады.

Контекст

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz