Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 20%-ке өскені рас па?

Qazaqstan арнасының кезекті жаңалықтарының бірінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымының айтарлықтай өскені айтылған. Бұл туралы көрші елдің еліміздегі бас консулдығы хабарлады дейді. Экономикадағы ең ірі әрі белсенді көрші елмен арадағы сауда қарым-қатынасы өте маңызды. Олай болса, көрсетілген деректерді бірге тексеріп көрейік.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналым 20 пайызға өскен. Қаңтар-ақпан айларындағы сауда көлемі 3,5 миллиард долларға жеткен.

Qazaqstan арнасы

Үкім: Үкім жоқ

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының нақты қай уақытта екені көрсетілмеген. Сол үшін де бұл мәлімдемені үкімсіз қалдырғанды жөн көрдік. ҚР Ұлттық Статистика бюросының мәліметі бойынша , 2021 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан мен Қытай арасынадығы сауда көлемі 2 092 121 000 доллар (17%) болған.

Ал 2020 жылдың дәл осы кезеңімен салыстыратын болсақ, екі жақты тауар көлемі 2 307 500 000 (16,2%) долларға жеткен.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 20%-ке өскені рас па?
2020 жыл қаңтар-ақпан
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 20%-ке өскені рас па?
2021 жыл қаңтар-ақпан

Төмендегі инфографикаға қарайтын болсақ, соңғы он жылда екі жақты тауар айналымы біркелі болмағанын көреміз. 2013 жылы ең жоғары көрсеткіш — 22 млрд доллар болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд долларға төмендеген.

Қазақстаннан Қытайға 1 миллиард 700 миллионның, ал Қытайдан Қазақстанға 1 миллиард 800 миллион доллардың тауары тасымалданған.

Қазақстан арнасы

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Статистика комитетінің дерегінше, 2021 жылдың қаңтар-ақпанда Қазақстаннан Қытайға өткен экспорт көлемі – 1 086 850 000 доллар болса, Қытайдан Қазақстанға келген импорт 1 005 270 000 долларын құраған. Жалпы алғанда осы жылдың алғашқы айларында екі ел арасында 1 млрдтан аса экспорт пен импорт жасалған.

2020 жылдың дәл осы кезеңінде экспорт көлемі – 1 478 671 000 доллар, импорт көлемі – 828 829 000 доллар болған.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz