12 наурыз күні Forbes.ru сайтында Дариға Назарбаеваның сұхбаты жарияланды. Назарбаева өз сөзінде «Қытайда жыл сайын Қазақстанның халық санымен тең келетін адам дүниеге келеді. Қазақстанның халық саны – 18,8 млн. Алдыңғы жылы (2018) Қытайда 17 млн адам дүниеге келді» деп айтты.

Factcheck.kz Дариға Назарбаеваның айтқан ақпараттың рас-өтірігін Қытайдағы соңғы бесжылдық көрсеткішпен тексеріп шықты.
Үкім: Жартылай шындық
Қытайдың Ұлттық Статистика бюросының ресми сайтындағы деректерге сәйкес, Қытайда соңғы бес жылда дүниеге келген адам саны:
Дариға Назарбаеваның 2018 жылы Қытайда 17 млн адам дүниеге келді деген ақпараты, шындыққа жанаспайды. Қытай Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметтері бойынша, 2018 жылы Қытайда 15,23 млн адам дүниеге келген. Алайда, Қытайда соңғы бес жылда дүниеге келген балалардың саны Қазақстан халқына өте жақын екенін көрсетеді.

Дариға Назарбаеваның сұхбаты жарияланған күнді есепке алсақ (12 наурыз 2019 жыл), Қазақстанның халық саны 18,8 млн емес, 18 435 713 адам болған.

Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.