Жойқын жер сілкінісі және қытайлық ғалымдардың болжамы – Сейсмология институты әлеуметтік желідегі ақпаратты терістеді

Әлеуметтік желілерде Қытай ғалымдарының жойқын жер сілкінісіне қатысты болжам жасаған зерттеуі туралы ақпарат тарады. Қазақстан Сейсмология институты (қазіргі атауы – Сейсмологиялық бақылау және зерттеу жөніндегі ұлттық ғылыми орталығы, СБЗҰҒО) бұндай ғылыми мақаланың барын растады, бірақ оның мазмұнын әлеуметтік желі қолданушылары мен кейбір БАҚ бұрмалаған дейді.

Толығырақ

Қазақстандық сейсмологтардың түсіндіруінше, Бейжіңдегі жер сілкіністері жөніндегі агенттіктің зерттеушісі Чжу Хунбин бастаған ғалымдар сейсмикалық белсенділік белгілі бір циклмен қайталанады деген гипотеза ұстанады. Олар қуатты жер сілкіністері әр 30-40 жыл сайын болады деп болжайды. Қазір дәл сондай цикл басталуы мүмкін деген де тұжырым бар.

Алайда СБЗҰҒО Қытай ғалымдары жойқын жер сілкінісін болжады деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.

  • Зерттеудегі өңірлердің Қазақстанға қатысы жоқ және олар елімізден мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан. Зерттеуде Сычуань мен Юньнань провинциялары, Лунмэньшань жарығы маңында, яғни Мьянмаға жақын аймақ қарастырылған.
  • Қытайлық ғалымдар магнитудасы 8-ден жоғары зілзала болады деп нақты болжаған жоқ, (бұл ақпарат тек кейбір әлеуметтік желі парақшаларында тараған). Зерттеу тек ғылыми гипотеза деңгейінде екенін ескеру керек.
  • Жалпы алғанда зерттеушілер нақты бір жер сілкінісіне болжам жасамаған, олар тек бір геологиялық жарық бойындағы табиғи құбылыстардың циклдік сипатын талдаған. Дегенмен Қытайдағы жойқын зілзаланың Қазақстанға ешқандай әсері болмайды, себебі оның ықтимал эпицентрі елімізден тым алыс.

«Сейсмология институты азаматтарды сабыр сақтауға, үрейге бой алдырмауға және бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе әлеуметтік желіде таралып жатқан ақпаратқа сын көзбен қарауға шақырады», – делінген СБЗҰҒО хабарламасында.

Контекст

2024 жылы Factcheck.kz эпицентр үстіндегі бұлттарды бақылау арқылы жер сілкінісін болжауға бола ма деген ақпаратты тексерген.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz