Жер сілкінгенде не істеу керек?

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінгенде әрбір адам білуі керек қауіпсіздік шараларын ұсынды.

Жер сілкінгеннен кейін, бірінші сейсмикалық толқыннан соң, 10-15 секундта әрекет ету керек.

Жер сілкінгенде адам ғимаратта болса, не істеуі керек?

– Ғимараттың шайқалғанын сезгенде, шамдардың теңселгенін, заттардың құлағанын көргенде, сынып жатқан әйнектің дауысын естігенде, үрейленбеңіз, сабыр сақтаңыз.

– Бірінші қабатта тұрсаңыз, бірден далаға шығыңыз.

– Жоғарғы қабатта болсаңыз, дереу жақын жердегі қауіпсіз орынға тұрыңыз. Отырыңыз да, басыңызды бір қолыңызбен бүркеңіз, ал екінші қолыңызбен берік орнатылған бір затты ұстаңыз. Ішкі қабырғаның жанына, бұрышына, есіктің жақтауына немесе негізгі тіреуіштің жанына тұрыңыз.

Далада болса, не істеуі керек?
– Жер сілкінгенде ғимараттардан, құрылыстардан, биік бағаналары мен қоршаулардан, маңдайшалардан, әйнектерден және басқа да құлап кетуі мүмкін заттардан алыс болу керек.

– Базар, алаң, саябақ сияқты адам көп жиналатын жерде және ашық жерде болыңыз. Жұлынған электр тоқтарынан абай болыңыз.

– Адам көп, сығылысқан жерде көпшілікке қарсы бағытта жүрмеңіз. Киіміңіздің алдын жауып, қолыңызды бүгіп, кеудеңізге айқастырып ұстаңыз. Кедергі жасайтын заттарды тастаңыз. Құласаңыз, бір тізеге тұрып, серпіліп тұрыңыз.

Көлікте болса, не істеу керек?
– Басқа көліктерге кедергі келтірмейтін жерге тоқтаңыз. Көлігіңіз бұзылса, қарысып қалмасы үшін есігін ашып қойыңыз. Десе де көліктің ішінде қалыңыз.

Не істеуге болмайды?

  • Зілзала кезінде үрейленбеңіз және дүрбелең тудырмаңыз.
  • Лифт пен баспалдақты қолданбаңыз.
  • Терезеге, әйнек қабырғаларға жақындамаңыз.
  • Жоғарғы қабатта болсаңыз, терезеден, балконнан секірмеңіз.
  • Жер дүмпуі тоқтағанда бірден басыңызды жауып, далаға шығыңыз.
Factcheck.kz