Жазушылар жасанды интеллекті пайдалануды шектеуді талап етті

Америкада Лорен Грофф, Лев Гроссман, Р.Ф. Куанг, Деннис Лихейн және Джеффри Магуайр бастаған бір топ автор ашық хат жариялап, кітап баспаларын жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдануды шектеуге шақырды. Олар мысалы, аудиокітаптарға тек адам дикторларды тартуға уәде беруді ұсынды. Бұл туралы TechCrunch шақырды.

Хатта жазушылардың еңбегін ЖИ компаниялары «ұрлағаны» жазылған:

«Біздің еңбегімізден пайда тауып отырғандар жазушыларға аз ғана пайыз төлеудің орнына, еңбегімізге негізделіп жасалған технология үшін басқа біреуге ақы төлейді».

Авторлар баспалардан мынадай уәде беруді сұрайды:

  • болашақта ЖИ көмегімен жазылған кітаптарды шығармау;
  • адам қызметкерлерін ЖИ құралдарымен алмастырмау және олардың жұмысын ЖИ бақылауына бермеу.

NPR-дің мәліметінше, бастапқыда ашық хатқа бірқатар белгілі жазушы қол қойған, ал жарияланғаннан кейінгі алғашқы 24 сағатта оған тағы 1100-ден астам адам қосылған.

Кейбір авторлар өз кітаптарының ЖИ модельдерін үйретуге пайдаланылғанына байланысты технологиялық компанияларды сотқа беріп жатыр. Алайда осы аптада федералды соттар бұл істерге қатысты шешім шығарып, жазушылардың талап-арызын қиындата түсті.

Контекст

Бұған дейін Вашингтон, Копенгаген және Стэнфорд университетінің зерттеушілері OpenAI-дің GPT модельдері кейбір авторлық құқықпен қорғалған деректерді «жаттап алғанын» анықтады.

Журналист

Factcheck.kz