Жасанды интеллект адам даусынан тұмаудың бар-жоғын анықтауды үйренді

Жақында арада адамдар өтірік ауырып жатқандай кейіп таныта алмайды, себебі тұмаудың белгілерінің рас-өтірігін анықтауға мүмкіндік беретін технология пайда болды. Бұл туралы SecurityLab Сардар Валлабхай атындағы Үндістан ұлттық технология институты ғалымдарының зерттеуіне сілтеп хабарлады.

Зерттеуге сәйкес, адамның сөйлеуі, музыка аспабы сияқты, бір ғана жиіліктегі дыбысты шығармайды. Адам даусындағы доминант ноталар жоғары обертондармен бірге жүреді. Сөйлеудегі нота амплитудасы әдетте жиілік шкаласын жоғары жылжытқанда төмендейді. Сарапшылардың болжауынша, тұмау толқындардың бәсеңдеу процесін өзгертуі мүмкін.

Ғалымдар 630 адамның дауыс жазбасын пайдаланған, ондағы 111-іне суық тиген. Зерттеушілер әр адамның сөйлеуін құрамдас толқын ұзындығы спектріне бөліп, басым жиілік пен әр жағдайдағы гармоникасын анықтады. Содан кейін сарапшылар машиналық оқыту алгоритмдері арқылы гармоника амплитудалары арасындағы байланысты талдап, «тұмаумен ауырған» адамның даусы мен сау адамның даусын ажыратуға мүмкіндік беретін үлгілерді тапты. Осылайша, эксперимент адамның тұмаумен ауырып-ауырмағанын 70%-ке анықтауға болатынын көрсетті.

Factcheck.kz