Қостанайлықтар бір-біріне «2025 жылғы 9 мамырдан бастап Қазақстанда зейнеткерлердің кешкі уақытта көшеде жүруіне шектеу қойылады» деген хабарламаны таратып жатыр. Бұл туралы Alau.kz қалалық басылымы хабарлайды.
Хабарламада 9 мамырдан бастап 63 жастан асқан ер адамдарға, 60 жастан асқан әйелдерге кешкі сағат 18:00-ден соң себепсіз көшеге шығуға тыйым салынатыны жазылған.
Журналистердің мәліметінше, бұл ақпарат алғаш рет әлеуметтік желіде жарияланған. Алғашқы дереккөз — сатиралық жаңалықтар тарататын ақпараттық парақша. Дегенмен Қостанай облысының тұрғындары алаңдап, редакцияға осы жарияланымның скриншотын жібере бастаған. Сонымен бірге, бұл ақпарат WhatsApp арқылы да тарап кеткен.
Алайда өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі зейнеткерлерге қатысты шектеу туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.