Қазақстан заң үстемдігіне қатысты рейтиңде 140 елдің ішінде 65-орында тұр. Тізімді Халықаралық The World Justice Project үкіметтік емес ұйымы жасады.
Рейтиңнің басында Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция, Германия тұр. Ал Ауғанстан, Камбоджа, Венесуэла мемлекеттері тізімнің соңында.
Көршілес Өзбекстан 78-орында, Қырғызстан 103-орында, Беларусь 104-орында, Украина 89-орында, Ресей 113-орында тұр.
The World Justice Project-тың заң үстемдігіне қатысты рейтиңінде Қазақстан 2021 жылы 66-орында, былтыр 65-орында болған. Биылғы көрсеткіші де өзгермеген.