Украинаның Жоғары Радасының адам құқықтары жөніндегі комиссары Дмитрий Лубинец 22 желтоқсанда ресейлік сарбаздар Украинаның бес әскери тұтқынын атып тастады деді. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.
Омбудсменнің сөзінше, атыс видеосын генерал-хорунжий Марк Безручко атындағы 110-шы жеке механикаландырылған бригада таратқан.
Лубинец видеодағы оқиға туралы БҰҰ мен Халықаралық Қызыл крест комитетіне хабарлайтынын айтты.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.
Deutsche Welle жазуынша, қазан айынан бері Ресей Федерациясында әскери тұтқындарды ату жөніндегі жағдайлар айтарлықтай өскен. Еуропалық сыртқы байланыстар қызметі соғыс басталғаннан бері Украинаның тұтқынға түскен кем дегенде 177 әскері өлім жазасына кесілген деді.
Басты беттегі сурет DW сайтынан алынды.