Telegram-дағы фейк жазбадан кейін Семей мектептеріне полиция жіберілді

Telegram желісінде жарылғыш заттар қойылғаны жөнінде ақпараттан кейін Семей қаласындағы мектептерге полиция жіберілді. «Курсив» хабарлауынша, Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі терактіге дайындық туралы хабарламаның жалған екенін мәлімдеді.

Семей мектептерінде теракт болатыны жайлы қауіп «Конец Семей» Telegram-арнасында жарияланған.

«Полиция Telegram-арнаның авторын анықтап жатыр», – деді Абай облысы полициясының баспасөз қызметі.

Кейін полиция ата-аналарды сабырға шақырып, мектеп чаттарына ақпараттың жалған екенін таратты.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және халық арасында үрей тудыру мақсатында жасалған», — делінген жергілікті ПД хабарламасында.

Контекст

2020 жылы пандемия кезінде Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті дезинфектор кейпіндегі адамдар үйлерді тонайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарған. Ол кезде WhatsApp желісінде аудио хабарлама тараған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz