Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджердің Grok атты чат-ботпен серіктестікке отырғанын хабарлады. Жаңа функциялардың қатарында фактчекиң де бар.
«Биыл жазда Telegram қолданушылары нарықтағы ең үздік жасанды интеллект технологиясына қол жеткізеді. @elonmusk (Илон Маск – ред.) екеуіміз бір жылға арналған келісім жасастық. Осылайша, xAI @grok-ты миллиардтаған қолданушыға ұсынып, оны Telegram-дағы барлық қосымшамен біріктіреміз», – деп жазды Дуров X (бұрынғы Twitter) желісінде.
Оның айтуынша, бұл әріптестік мессенджердің қаржылық тұрақтылығын да күшейтеді.
«Код Дурова» басылымы жазда іске қосылатын бірнеше функцияны атап өтті. Олардың ішінде:
- барлық қолдану үшін Grok AI ботын бекіту;
- мәтінді жасанды интеллект көмегімен өңдеу, соның ішінде стилін өзгерту;
- оқылмаған хабарламаларға түрлі стильде қысқаша мазмұндама жасау;
- чаттарды жасанды интеллектпен модерациялау;
- қолданушыларға автоматты ЖИ-жауаптар беру;
- каналдарда фактчекиң жүргізу.