Telegram-да фактчекиң функциясы қосылады: Дуров Grok-пен серіктестігін хабарлады

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджердің Grok атты чат-ботпен серіктестікке отырғанын хабарлады. Жаңа функциялардың қатарында фактчекиң де бар.

«Биыл жазда Telegram қолданушылары нарықтағы ең үздік жасанды интеллект технологиясына қол жеткізеді. @elonmusk (Илон Маск – ред.) екеуіміз бір жылға арналған келісім жасастық. Осылайша, xAI @grok-ты миллиардтаған қолданушыға ұсынып, оны Telegram-дағы барлық қосымшамен біріктіреміз», – деп жазды Дуров X (бұрынғы Twitter) желісінде.

Оның айтуынша, бұл әріптестік мессенджердің қаржылық тұрақтылығын да күшейтеді.

«Код Дурова» басылымы жазда іске қосылатын бірнеше функцияны атап өтті. Олардың ішінде:

  • барлық қолдану үшін Grok AI ботын бекіту;
  • мәтінді жасанды интеллект көмегімен өңдеу, соның ішінде стилін өзгерту;
  • оқылмаған хабарламаларға түрлі стильде қысқаша мазмұндама жасау;
  • чаттарды жасанды интеллектпен модерациялау;
  • қолданушыларға автоматты ЖИ-жауаптар беру;
  • каналдарда фактчекиң жүргізу.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы фактчекинг. Орталық Азиядағы алғашқы фактчекинг ресурсы. 2017 жылдың мамыр айында ашылған. Халықаралық фактчекинг ұйымдар желісінің (IFCN) мүшесі.

Factcheck.kz