Сот «Феминитаның» тағы бір жетекшісі Жанар Секербаеваға айыппұл салды

21 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Феминита» жетекшісі Жанар Секербаеваға 393 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Бұған дейін бастаманың тағы бір жетекшісі Гүлзада Сержанға да 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған. Бұл туралы «Власть» хабарлады.

«Сот Секербаева Жанарды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 489-бабының 9-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 393 200 теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды», – деп оқыды сот шешімін судья Әлімбек М.С.

Секербаева «тіркелмеген қоғамдық бірлестікті басқарғаны үшін» кінәлі деп танылды. Тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктің қызметі тоқтатылған немесе тыйым салынған болып есептеледі.

13 ақпанда да қазақстандық ата-аналар одағының белсенділері «Феминита» тобының адам құқығы жөніндегі шарасына кіріп келіп, жиынға кедергі келтірген. Полиция алдымен Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаеваны оқиғаға қатысты түсініктеме аламыз әкеткен. Бірақ оларға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғамақ болған. 

14 ақпанда Қазақстандық ата-аналар одағы «Феминита» ұйымының тағы бір жабық іс-шарасына кедергі келтіріп, шырқын бұзды. Белсенділердің жазуынша, Бағила Балтабаева бастаған бір топ адам шара өтіп жатқан жерге келіп, есікті сындырмақ болған.

Басты беттегі сурет «Власть» басылымынан алынды.

Журналист

Factcheck.kz