Сауалнама: Қазақстандықтардың жартысынан көбі бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы

DEMOSCOPE бюросы 27 қараша мен 11 желтоқсан аралығында «2024 жылы Қазақстанда болған ең айтулы оқиғалар» деген тақырыпта сауалнама жүргізді. Оған 1100 адам қатысты.  Зерттеудің негізгі тақырыптары азаматтардың бірыңғай уақыт белдеуіне көшуін қабылдауы және әлеуметтік маңызы бар өмір салаларын бағалау болды.

  • Сауалнама: Қазақстандықтардың жартысынан көбі бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы

2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Алайда бұл шешімге қатысты пікірталас әлі күнге дейін толастаған жоқ. Сауалнамаға сәйкес, азаматтардың басым бөлігі (53,1%) біркелкі уақыт белдеуін қолдамайды. Респонденттердің 22,1%-і оны құптаса, 15,5%-і бұл мәселеге бейтарап қарайды, ал 7,4%-і мүлдем бейхабар.

Азаматтардың бұл реформа туралы ойын анықтайтын негізгі индикатор – респонденттердің тұратын өңірі. Әсіресе, уақыт бір сағат артқа жылжыған өңірлерде наразылық айқын көрінеді.

Бірыңғай уақытқа көшуді қолдағандардың үлесі аздап басым болған жалғыз өңір – Қазақстанның батыс аймағы (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары): 31,8%-і бірыңғай уақытқа көшуді құп көрсе, 30,6%-і оған қарсы.

2024 жылғы резонанс тудырған оқиғаны анықтау үшін DEMOSCOPE респонденттерден ең айтулы екі-үш оқиғаны атауды сұрады. Олар су тасқыны (10,8%), АЭС құрылысына арналған референдум (10,4%) және Талғардағы Шерзат Болаттың қазасы (7,8%) деп жауап берген.

Қазақстандықтарды ең көп алаңдататыны – төмен жалақы мен табыс

Қазақстандықтардың 37,6%-ы төмен жалақы мен табыс деңгейіне алаңдайды. Одан кейін ең қажетті тауар бағасының өсуі (28,3%), жемқорлық (26,8%) тұр. Бұған дейінгі сауалнамалар нәтижесі табыстың төмен болуы мен жемқорлық білікті кадрлардың шетелге кетуінің негізгі себебі және отандық спорттың дамуына кедергі келтіреді деп көрсеткен.

Оған қоса, қатысушылардың көбі экология, экономика және азаматтардың өмір сүру деңгейіне көңілі толмайды.

Жалпы қоғамның нашар баға беруі DEMOSCOPE сауалнамасының екі жылдық нәтижесін салыстырғанда анық білінеді. 2023 жылғы желтоқсанда да қазақстандықтар өмірдің маңызды салаларын бағалаған еді. 

Қызығы, өмір сүру жағдайының нашарлағанына қарамастан, қазақстандықтардың көбі  2025 жыл биылға қарағанда жақсы өтеді деп сенеді. Сонымен қатар, 14% жаңа жыл шамамен осындай болады деп есептесе, 6,3% 2025 жыл қиын болады деп күтеді.

Бұл жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен және PAPERLAB зерттеу орталығымен бірлесіп жүргізіп отыр.  

Журналист

Factcheck.kz