Путин Украинамен соғысу арқылы палестиналықтарға көмектесіп жатқанын айтты ма?

Биыл қазанда Владимир Путиннің “Палестиналықтарға көмектесудің жалғыз жолы —  конфликтінің артында тұрғандармен күресу. Біз олармен Украинада күресіп жатырмыз” деген мәлімдемесі тарады (1, 2, 3). Snopes фактчекерлері деректі тексеріп көрді.

Фактчекерлер медиада шынымен осындай цитата тарағанын анықтады. Мысалы, 30 қазанда Reuters былай жазды: “Қауіпсіздік кеңесінің, үкіметтердің және құқық қорғау органдарының басшыларының жиынындағы телеүндеуде Путин “АҚШ-тың билеуші элиталары” және олардың “сателиттері” Газадағы палестиналықтардың өлімінің, оған қоса Украинадағы, Ауғанстандағы, Ирактағы, Сириядағы қақтығыстың артында тұр деп мәлімдеді”.

Палестинаға трагедияның артында тұрғандармен күресу арқылы ғана көмектесе аламыз. Біз – Ресейміз және біз олармен “арнайы әскери операция” аясында күресіп жатырмыз. Өзіміз үшін және нағыз еркіндікті қалайтын өзгелер үшін”, – деп келтірді Путиннің сөзін агенттік.

Фактчекерлер Кремльдің ресми сайтынан да бұл цитатаны тауып, медиада тараған нұсқасымен салыстырып көрді. Екі мәлімдеме де аздап қана айырмашылық бар. Мысалы, Путин “Палестиналықтар” емес, “Палестина” деген. Дегенмен мәлімдеменің жалпы мәні өзгермеген.

Осылай, фактчекерлер “желіде және медиада тарап жүрген мәлімдеме шынайы және оны Путин айтты” деген қорытындыға келді.

Factcheck.kz