Орталық сайлау комиссиясы WhatsApp арқылы тараған алаяқтық ақпарат жөнінде ескертті. Мәліметтер ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның атынан жіберілген.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және оны интернет-алаяқтар таратып жатыр. Жалған хабарламаларға сенбеңіздер, мұндай хабарларға жауап бермеңіздер және ақша аудармаңыздар», – делінген ресми мәлімдемеде.
Контекст
2024 жылы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында алаяқтардың оның атынан дауыстық хабарламалар таратып жатқанын жазды. Министр өз дауысының жасанды интеллект (ЖИ) арқылы жасалғанын айтты.
Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең көп таралған қылмыс алаяқтық екен. Екінші орында ұрлық, үшінші орында есірткі қылмыстары тұр.