OpenAI Sora видео генераторын іске қосты

OpenAI Sora деп аталатын видео шығаратын жасанды интелекті құралын іске қосты. Dall-E кескін генераторына ұқсайтын жүйе мәтіндік сұраулар негізінде сапалы видеолар жасайды. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

Генератор фотолардан клип құрастырып, бұрыннан бар видеоларды ұзартады не жетіспейтін кадрларды толықтырады.

OpenAI өкілдері Sora-ны алғаш болып АҚШ пен басқа елдердің қолданушылары пайдаланатынын хабарлады. Ал Еуропа, Ұлыбритания және бірқатар аймақ үшін құрылғыны іске қосу мерзімі әлі белгісіз.

Генераторды ChatGPT-Plus және Pro жазылымдарының бөлігі ретінде қолдануға болады. Қосымша функцияларға ақы төлеудің қажеті жоқ. Оған қоса, Sora OpenAI-дың DALL-E және Codex құралдарымен бірлесе істейді. Сондықтан пайдаланушылар мәтінді, суреттер мен видеоларды бір жобаның бөлігі ретінде сәйкестендіре алады.

VC.ru сайтында Sora-ны қолданушылары пікір жазып жатыр. Көбі ЖИ қызметін әсерлі десе, кейбірінің сұранысын құрал дұрыс орындамаған және ЖИ галлюцинациясы болған.

Контекст

Бірнеше ай бұрын Apple компаниясының бас директоры Тим Кук компания жасанды интеллект (ЖИ) галлюцинацияларын толығымен тоқтата алатынына сенімсіз екенін айтты.
Ал Amazon Web Services ЖИ галлюцинациясымен күресетін құрал ойлап тапқаны туралы жазған едік.

Журналист

Factcheck.kz